Май ауданы Қаратерек ауылынының мектебінде заманауи үлгіде жабдықталған жаңа география кабинеті ашылды. Білім ордасының жаңа кабинетіне Ұлы Отан соғысының ардагері, өмірінің 58 жылын шәкірт тәрбиелеуге, білім беру саласына арнаған ұстаз – Әбдікәрім Қабаевтың есімі берілді.
Қаратерек мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Әбдікәрім Қабаевтың есімі ұлықталды. Ол ұзақ уақыт география пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі және аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ұлағатты ұстаздың дүниеге келгеніне 101 жыл толуына орай білім ошағында соңғы қоңырау мерекесімен қатар жаңартылған география кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл сыныпқа педагог есімі берілді.
Ляйля Кайсина, қаратерек ЖОББ мектебінің директоры
«Осы кабинетті ашу мақсатымыз – ол кісінің жаңағы еңбегін, еңбек жолында атқарғна жұмысын... осы мектепті, айтып отырмыз ғой, алпыс екінші жылы іргетасын қалап, мектептің оқушыларымен бірге қалап шыққан. Осыны әрі қалай өскелең ұрпақ білсін деген мақсатпен ашып отырмыз. Бізде география кабинеті жаңа заман талабына сай жабдықталып отыр. Бізде мына жерде стендтармен және де оқушыларға қажетті құрал жабдық – глобустармен, бүгінгі оқушыларымызға жағдай жасалған білім алуларына. Бізде мектеп бойынша бір ғана кабинет – география кабинеті.»
Аталған кабинетті ашу жөніндегі бастаманы қолдап, оны жабдықтауға ұйытқы болған Әбдікәрім Қабаевтың ұрпақтары екенін атап өткен жөн. Бүгінде еліміздің түрлі облысында еңбек етіп жатқан олар бұл шараға арнайы келіп, естеліктермен бөлісті.
Алмагүл Қабаева, Әбдікәрім Қабаевтың қызы
«КАСПИ дейді ғой қазір, Казахский государственный педагогический университет имени Абая дейді, сонда ол кісі үздік дипломмен бітірген. Соған қарағанда, ол кісіге аспирантураға направление берген ғой сол кезде. Ол кісі «бармаймын, мен өзімнің еліме барамын, өзімнің жеріме барамын, сол балаларға сабақ беремін» деп сол осы Май ауданына келген. Династия учителей Кабаевых әлі де бар. Енді осы қазір балаларға не айтамын? Балалар, оқыңдар! Осы оқыған балалар білімді болады. Біздің Қазақстанға білімді адамдар керек.»
Қазіргі таңда мектепте 100-ден аса шәкірт білім алады. Ал алдағы жаңа оқу жылында олар үшін есігін айқара ашатын осынау жаңа үлгідегі сынып бөлмесі үлкен сый болмақ.
Жұлдыз Қабылденова