Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Серік Батырғожинов тағайындалды. Оны аймақ басшысы Асайын Байханов облыс активіне таныстырды. Ал облыс әкімінің орынбасары қызметіне Дәурен Жамбайбек кірісті.
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін енді Серік Батырғожинов атқаратын болады. Ол 1964 жылы Ертіс ауданында дүние келген. Екі бірдей жоғары білімі бар. Агроном және құқықтану мамандығын тәмамдаған. Экономика және бизнес саласының магистрі. Әр жылдары Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл, Баянауыл аудандарын басқарды. Бұл лауазымға дейін ол облыс әкімінің орынбасары міндетін атқарған.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Әрине, біздің өңірміздің әл ауқатын жақсартуға сіздер күш жігерлеріңіздің салып, бүкіл білімділіктеріңізді біліктіліктеріңіді қосады деп сенемін. Біздің өңірде проблемалар жеткілікті.
Ал облыс әкімінің орынбасары болып, Дәурен Жамбайбек тағайындалды. Ол 1981 жылы туған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау агенттігінде жетекші маман болып бастады. Әр жылдары түрлі лаузамды қызметтер атқарған. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінің өңірлік даму департаментінде директор болып жұмыс істеді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Өздеріңіздің араларыңызда бөлінген басқармалармен танысып, жаңадан алдарына керекті мақсаттар мен жұмыстарды қойыңыздар.
Облыс әкімінің орынбасарларының міндеттері қайта бөлінді. Жиын соңында аймақ басшысы оларға зор сеніп артып, сәттілік тіледі.