16-қараша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, жыл бойы үздік қызмет еткен мамандарды марапатталды.

Биылғы жыл ауыл шаруашылығы үшін ауыр жыл болды. Қуаңшылықтан көптеген шаруашылық зардап шегіп, еккен өнім өспей қалды. Десе де, өңір диқандары 895 мың гектар жерден дәнді дақыл жинады. Орташа өнімділігі 4 центнерді құрайды. Бұл жылдағы 2 есе төмен көрсеткіш.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай облыс әкімі жыл бойы үздік қызмет жасаған мамандарды марапаттады. Солардың ішінде Железин ауданынан келген Камиль Ахмеров бар. Ол жылдың үздік малшысы атағын иеленді.

Салтанатты іс-шара барысында 40-тан адам түрлі марапатқа ие болды. Олардың ішінде «ERTIS» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ермек Сапаровта бар. Оған ауыл шаруашылығы саласының ақпаратын белсенді жариялағаны үшін диплом табыстады. Жиында соңында өңір өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Өзгеріс Қуанар