Биыл елімізде студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы үш есеге азайған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министр сөзінше, қыркүйек айынан бастап елімізде бакалавриат бағдарламасы бойынша стипендия мөлшері 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға көбейген. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылардың жалақысы өскен. Кездесу барысында ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды.
Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі:
Мемлекет басшысына биыл қабылданған 7 жылдық Жоғары білім және Ғылым тұжырымдамасының нәтижелері баяндалды. Біріншіден, шәкіртақы екі есе өсті. Оқытушылар мен профессорлардың жалақысы екі есе өсті. Төрт негізгі өңірлік университеттерде арнайы орталықтар ашылмақ. 15 негізгі академиялық университеттерде зерттеу үлкен орталықтар ашылады. Зертханалар мен жабдықтау процесіне қаржыландыру бөлінді.