Астанада жыл сайынғы ауыл әйелдерінің 6-форумы өтті. Шараның басты мақсаты – ауыл әйелдерінің әлеуетін қолдау және дамыту. Бұл бағытта қандай істер атқарылмақ? Тілшіміз баяндайды.

Ауыл әйелдерінің форумы 2018 жылдан бастау алған. Осы уақыт аралығында 6 республикалық және 47 облыстық форум ұйымдастырылды. Еліміздің барлық облысында өңірлік кезең өткізіліп, қатысушылар қараша айында республикалық форумда жиналады. Биылғы шараға 250-ден аса нәзік жанды қатысты.

Форумға қатысушылардың бірі – Ленин кентінің тұрғыны Салтанат Сәрсембаева. Ол «Қамқор» ҚБ-не басшылық етіп, көпбалалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуға тырысады. Ол аталмыш форумның тәжірибе алмасып, қолдау алуға керемет мүмкіндік екенін атап өтті.

Железин ауданының тұрғыны Айжан Қаркенова республикалық фермерлер қауымдастығының «Үздік фермер» төсбелгісіне ие болды. Ол еңбек жолын жүк тасымалдау саласында бастаған, тұрмыс құрғаннан бастап отбасылық фермада жұмыс істейді.

Айжан Қаркенова, фермерлік және шаруашылық қожалық басшысы:

Қазір біз қазақтың ақбас тұқымды сиырларын өсірумен айналысамыз. Оларға жем-шөп жинау керек. Осы салада күйеуіме көмектесемін. Кейде тракторға да отыра аламын. Жалпы, біз осындай бизнесті дамытып жатырмыз.

Форум аясында нәзік жандыларды бизнеске тартуға бағытталған. Ол әйелдерге қаржылық білім мен дағдылар, бизнес-тренингтерге қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ алғашқы қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді.

Биылғы жеңімпаздар қатарында Людмила Евженкова бар. Ол шыны мен керамиканы қайта өңдеумен және олардан бұйымдар жасаумен айналысады. Жеңіске жеткен жобасы үшін Людмила Евженковаға Салтанат Рахымбекова атындағы 4000 долларлық грант берілді. (2314_01)

Людмила Евженкова, жобаға қатысушы:

Әрине, менің бастама мен көпжылдық еңбегімді елеп жатқанына өте қуаныштымын. Мұның барлығы оңай келмейді, сондықтан осы жеңіс мен үшін өте маңызды. Бұл қаражатты құрал-жабдықтар алуға жұмсаймын. Мен қазір сапалы құрал-жабдықтарға көп ақша жұмсауды жоспарлап отырмын. Себебі мақсатым – өндіріімді кеңейту, дамыту және сапалы өнімдер жасау.

Ауыл әйелдері үшін панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Онда ауылда өмір сүру сапасын арттыру үшін инновациялық, жасыл технологияларды қолдану, ауылдық кооперация мәселелері және кәсіпкерлікті ілгерілетудегі заманауи тәсілдер қарастырылды.

Жұлдыз Қабылденова, Валентина Леонова