Павлодар облысында қатты дауылдан 28 ауылда жарық өшіп қалды. Қазір мамандар елді-мекендердегі электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал 83 әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кеткен. Осыған байланысты өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін.
Қатты дауыл салдарынан өңірдегі 83 әлеуметтік нысанға зақым келген. Олардың басым көпшілігі мектептер. Барлығының шатыры ұшып кетті. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жасалынып жатыр. Әзірге шығын көлемі белгісіз. Сол үшін де 9 ауданда төтенше жағдай режиім енгізілуі мүмкін.
Ал 28 ауыл жарықсыз отыр. Оларға бүгінгі күннің соңына дейін жарық қосылады - деп күтілуде. Қазір электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Дауыл салдарынан облыс орталығында да жарықсыз отырған үйлер. Апаттан 63 көп қабатты үй зардап шеккен. Құзырлы органдар олардың мәселесін тез арада шешуге әрекет жасап жатқандарын айтады.
Өзгеріс Қуанар