«Әкім сағаты» бағдарламасының кезекті қонағы Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов болды. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесі және жоспарлармен бөлісіп, тікелей эфирде көрермен сауалдарына жауап берді.

Тереңкөл ауданының негізі 1928 жылы қаланған. Қазір құрамына 12 ауылдық округ, 30 ауыл кіреді. Өлке – егін шаруашылығылығы үшін қолайлы жер. Хабар басында Азамат Маңғұтов биылғы қуаңшылық әсері қандай болғаны және жиын-терім жұмыстары қалай өткені туралы сауалға жауап берді.

Тереңкөл ауданында кең дамыған салалардың бірі балық өнеркәсібі болатын. Аудан әкімі қазіргі уақытта кәсіпкер жерді сатып алып, оны балық шаруашылығын дамыту мақсатында игеруді қолға алатынын айтты.

Бағдарлама барысында аудан әкімі көрермен сұрақтарына жауап берді. Тереңкөл ауданына қарайтын ауыл тұрғындары өздерін мазалайтын сауалдар қойды.

Азамат Маңғұтовтың айтуынша, ауданда жолдарды жөндеумен бірге бірқатар жұмыс жүргізілмек. Олардың қатарында абаттандыру, көше жарығы, балаларға арналған ойын алаңдарын орнату бар.

Аудан басшысы ауылдар қысқа дайын екенін айтты. Сондықтан қар тазалау, шығару тағы басқа мәселелер бойынша қысқы уақытта еш қиындық туындамауы тиіс.

Жұлдыз Қабылденова