Павлодар облысында биыл 544 бала шала туған. Өкінішке қарай, оның 26-сы шетінеп кетті. Дәрігерлердің сөзінше, балалардың өліміне олардың іштен жетілмей тууы себеп болған. Осы жылы аймақта 8369 бала дүние есігін ашты.
Биыл Павлодар облысында 8369 бала дүниеге келген. Оның 544-і шала туған балалар. 90 баланың салмағы 1 жарым келіге ғана жеткен. Тіпті, араларында 500 грамм ғана болатын шақалық та бар. Дәрігерлер бұның көбі аналардың денсаулығы нашарлығынан болатын айтады.
Дәрігерлер шала туған балалардың 70 пайызы ғана аман қалатынын айтады. Өкінішке қарай, биыл шала туған 26 сәби шетінеп кетіпті. Олардың басым көпшілігінде өкпенің жетілмеуі диагнозы қойылған.
Сондықтан да, дәрігерлер аналарға бірінші кезекті денсаулығын түзеп алып ғана жүктілікті жоспарлау керектігін айтады. Себебі, сау анадан сау бала дүниеге келетін айтады. Осы жылы шала туған 11 балаға ота жасалған. Барлығы оң нәтиже беріпті.
Өзгеріс Қуанар