Биыл Павлодар облысының жолдарында 433 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 143 жағдайда төмен. Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша қандай істер атқарылып жатқаны туралы баспасөз мәслихатында айтылды.
Жол-көлік оқиғаларында 538 адам зардап шеккен. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалар қатысуымен 85 апат орын алып, 98 адам жарақат алған. 3 адам қайтыс болған. Негізгі себеп – мас адамдардың рөлге отыруы. Олардың қатысуымен 22 апат орын алған.
Евгений Бровко, ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:
Жол-көлік оқиғаларына көлік құралдарының көбеюі, жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі, ақауы бар көлікті пайдалану себеп болады. Сондай-ақ адамдардың алкогольдік, есірткілік немесе өзге психотроптық затты пайдалануынан болады. Алдын алу шараларының нәтижесінде жол-көлік оқиғасының саны және олардың салдарының ауырлығы төмендеді. Мәселен, биылғы 10 ай 18 күн ішінде облыс жолдарында 433 жөл көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылы олардың саны 576 болған. Яғни, көрсеткіш төмендеген.
Облыстық полиция департаментінің өндірісінде 278 қылмыстық іс түсті. Қазіргі уақытта департамент қарауында 63 қылмыстық іс жатыр. Олардың санын азайту үшін бірқатар шара қабылданған. Әсіресе, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына жіті назар аударылады.
Евгений Бровко, ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:
Облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейтін 84 камерадан құралған 54 жүйе орнатылды. Ақпараттық-бағдарламалық кешендер «Оракул» камерасы, «Автоураган», «зерек», «кибер-шериф», «серген», «мегакам» және «интегра» камералары жұмыс істейді. Олар жылдамдық режимін, бағдаршамның қызыл түсіне жүру және көлік легін бақылайды. Осылайша, 2023 жылдың 10 айында жол-көлік оқиғалары бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеу барысында түрлі ұйымдарға 94 ұсыным жіберілді
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мемлекеттік бюджеттен көмек алуға құқылы. Ол жәбірленушілерге өтемақы қоры есебінен төленеді.
Евгений Бровко, ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Заңына сәйкес ауыр зиян келтірген жазатайым оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар болған жағдайда өтемақы алуға құқығы бар. Бұл туралы көбі біле бермейді. Осы заңның 7-бабына сәйкес жәбірленушілерге белгілі бір мөлшерде өтемақы төленеді. Денсаулыққа ауыр зиян келгені үшін 40АЕК, ал жәбірленуші қайтыс болған жағдайда заңның 3-тармағына сәйкес, жәбірленушінің құқықтары берілген адам, яғни жақыны 50 АЕК мөлшерінде өтемақы алуға құқылы.
Соңғы күндері ауа-райы бұзылып, жел күшейіп, жаңбыр жауып, кейін көктайғаққа ұласқан. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасы осыған байланысты жол-көлік оқиғаларының саны көбейген жоқ дейді. Себебі тас жолдар жабылып, көліктердің шығуына шектеу қойылған.
Жұлдыз Қабылденова