Павлодарда мәслихат депутаттары мен құзырлы орган өкілдері полицияның тіркеуінде тұрған отбасыларға рейд жүргізді. Олар 2 үйге барып, жағдайлары танысты.Бір отбасының мүшелері ішімідікке салынған екен. Мамандар олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Надежда Иванова – зейнеткер. Ол қызы және жиенімен бірге тұрады. Алайда, екеуі де ішімдікке әуестенген. Қарт кісіге күні түні маза бермейтін болыпты. Ішімдікке сылқия тойған олар үлкен кісінің әбден мазасын қашырыпты.

Надежда Иванова - Павлодар қаласының тұрғыны:

Немерем жұмыс істемейді. Есіріткі шегеді. Одан қалса, ішеді. Үйге қонбайды. Ал қызым бар. Ол да ішеді. Жұмыс істегілері келмейді. Менің жалғыз зейнетақымызға күн көріп отырмыз.

Ал екінші бір отбасының бір баласы бар. 22 жастағы әйел жақында ғана күйеуінен ажырасыпты. Балаларын әжесінің тәрбиесіне берген.

Әсем Рахымова - Павлодар қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы:

Біз тексерген 2 отбасының жағдайлары жаман емес. Жұмысқа орналасқан. Біз оларды күн сайын тексеріп отырамыз.

Әлия Асқарова - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты:

Біз бүгінгі рейд барысында екі отбасын бақылауға алдық. Олардың жағдайларын бақылайтын боламыз. Бұл отбасыларда балаларға төніп тұрған қауіп жоқ.

Рейд барысында депутаттар мен белсенділер полицияның тіркеуінде тұрған отбасыларды аралап шықты. Тұрмысы төмен отбасылардың жағдайымен танысты.

Бәкіжан Кәкім - «AMANAT» партиясы облыстық филиалы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:

Шыныменде өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Сол тұста біз өз көмегімізді ұсындық. Жалпы депутаттарда өз көмектерін ұснып жатыр. Менің ше, осындай акциялар қоғамға өз пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Бұл отбасылар полицияның бақылауына алынған. Кәмелетке толмаған балалардың да жағдайын жіті назарда ұстамақ.