Биыл балық шаруашылығын дамытуға 300 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінген. Қолдау қаржыны өңірдегі 6 балық шаруашылығы игерген. Су айдындарына 47 мыңнан аса тұқы шабақтары жіберілді.
Павлодар облысында балық өсірумен айналысатын 63 шаруашылық бар. Олар 38 көл мен су айдындарын жалға алған. Су айданыдарының 30-ы тұзды, 33-і тұщы көл. Биыл шаруашылықтар 47 мыңнан астам шабақты көлге жіберді.
Нұржан Қазтай, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
Бұдан басқа16 мың 500 дана көлемінде көлде балық өсіру шаруашылықтарға бекітілген су айдындарына осы жылғы бағалы балық түрлері жіберліген болатын. Сонымен қатар шаруашылық қызметінің нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген және келтірілетін зиянды өтеу шеңберінде Ертіс өзеніне "Еуроазиялық энергетикалық корпорация" АҚ-мен 122 мың 118 дана осы жылғы тұқы балығы, сондай – ақ "Қазақстан су жолдары" мекемесі 121 мың 485 дана осы жылғы тұқы балығы жіберілді
Балық шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 300 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді. Өңірдегі 6 шаруашылық осынау қолдау қаржыны алған.
Нұржан Қазтай, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
2021 жылы үлкен бағдарлама қабылданған болатын. 2021 жылы балық шаруашылығы комитеті құрылған болатын. Жергілікті атқарушы орган бұған жіті назар аударып отыр. Республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен ақша қаражат бөлініп жатыр. Биыл 39 млн бөлінген болатын. Субсидияны осы кісілерге беру жергілікті атқарушы органның міндетінде.
Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге көлдер мен су айдындары конкурс арқылы беріледі. Заң бойынша жерді пайдалану мерзімі 49 жылға бекітілген.
Нұржан Қазтай, Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
Олардың ең басты міндеті балық өсіру. Мысалы, 10 жылға бекітілетін болса, әр жылға міндеттері бар. Бірақ, міндеті балық өсіру. Әр жылда балықты өсіру көлемі бар. Біз оны бақылап отырамыз. Орындамаған шаруашылықтармен біз міндетті түрде келісімшартты бұзамыз.
Жалға алынған көл ауылдағы жалғыз су айдыны болса, ол көлдерде мал суаруға рұқсат етіледі. Шаруашылықтардың міндеті балық өсіру болғандықтан, ауыл халқының көлді пайдаланылуына тыйым салынбаған.
Өзгеріс Қуанар