Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 336 мың гектар жер пайдаланылуға берілді. Бұл 898 жер телімін құрайды. Ал 83 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 200 адамға жер учаскелерін алды.

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 420 мың гектар жер пайдаланылмаған. Оның 232 мың гектары жайылымдық жерлер. Ғарыштан түсірілген космомониторинг бойынша ол жерлер мүлдем бос жатыр. Пайдаланылмаған 83 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Ағымдағы жылдың облыс бойынша жалпы ауданы 336 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 898 учаске берілді. Оның ішінде жер пайдаланушылардың ерікті түрде бас тартуына немесе жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты бұрын мемлекеттік меншікке қайтарылған 83 мың гектар жер тартылды.

Ал жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 200 адамға жер телімі берілді. Аймақ бойынша әлі 50 мың адам жер кезінде тұр. Жер учаскелерін бөлу жұмыстарын аудан, қалалардың әкімдіктері жүзеге асырады.

Мұрат Хамитов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

Жер телімдері бірінші кезекте арнайы есепте тұрған ерекше санаттағы адамдарға кезекпен беріледі. Жер кодексінің 44-бабы бойынша берілетін жер учаскесіне жарық пен су тартылған болуы керек. Ал орталықтандырылған ауыз суы жоқ ауылдарда бұл норма сақталмайды. Тек электр желісі тартылған болса, жеткілікті.

Кезекте тұрған адамдардың барлығын жермен қамтуға елді-мекендерде инфрақұрылымның жоқтығы себеп болған. Соны салдарынан тұрғындардың кезекті ұзақ күтіуніе тура келеді. Ал бизнеске арналған жер телімдерін беру аукцион арқылы жүргізіледі. Осы жылы 40 млн. теңгеге 57 жер учаскесі берілді.

Өзгеріс Қуанар