Облыс орталығына Алматы қаласынан көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының дәрігері келді. Офтальмолог дәрігер Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухана негізінде күрделі бірнеше ота жасап, дәрігерлерге шеберлік сабақ жүргізді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Көз- адамның шырағы. Өкінішке қарай, соңғы жылдары технологияның дамыған заманынан әлем халқы қос жанары ауруларынан зардап шегіп отыр. Көз макуласы тордың ортасына жақын орналасқан көруімен түстерді ажыратуға ықпал ететін бөлік. Сол торлы қабық жыртылған уақытта көру қабілеті төмендеп соқырлыққа әкеліп соғуы мүмкін. Алматы қаласынан келген білікті маман осы диагнозы бар облыс орталығының 5 тұрғынына күрделі ота жасады. Сондай-ақ өңір дәрігерлеріне шеберлік-сабақ өткізді.

Лұқпан Оразбеков, Алматы қаласы көз аурулары ғылыми - зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:

Витреоретиналық бойынша Павлодардың хирургтары біздің қарамағымызбен өздері операциялар жасап жатыр. Бұл витреретиналық патологияның ішінде молекулярлы жыртық дейміз соның емі және реконструктивті хирургияның жаңа әдістерін игеріп жатырмыз. Макула деген ол сечатканың жақсы көретін жері. Сол жерде жыртық пайда болған кезде көздің көруі қатты төмендеп науқастардың алыстан жақыннан көру қатты бұзылады. Сондай жағдайда операция жасалғаннан кейін осы жыртықты қалпына келтіріп көздің көруін қалпына келтуге болатындай жаңа технологиялар бар осы технологиялар қазір Павлодар облысында енгізілуде.

73 жастағы Алексей Поляков Павлодар қаласының тұрғыны. Алматы қаласынан келген маман зейнеткерге ота жасады. Ол операциядан кейін көру қабілеті жақсарады деп сенімді.

Алексей Поляков, Павлодар қаласының тұрғыны

Тікұшақта ұзақ ұшудан кейін менің сол көзім көрмей қалды. Павлодарға келгеннен кейін мен бірден облыстық ауруханаға жүгіндім. Бөлім меңгерушісі маған операция жасау керек деп айтты. Барлық керекті талдау тапсырған соң сол жақ көзіме операция жасалды. Мен ризамын. Келешекте операциядан кейін көру қабілеті қалпына келеді деп айтты. Мен біздің аурухана қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Негізі офтальмологиялық операциялардың құны 1 млн теңге шамасында. Бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы бұл ота өңір тұрғындарына тегін жасалды.

Әйгерім Тоқпанқызы