Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков кәсіпкерлермен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Шара аясында кейбір кәсіпкерлер өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Бұндай мазмұндағы шара алды уақытта тұрақты түрде жалғасын таппақ.
Кәсіпкерлік нарықтық экономика заңына сай өздігінен дамиды десек те мәселері баршылық. Оның көпшілігі әкімшілік, заңдық ресурстар арқылы шешілуі тиіс сұрақтар. Бүгінгі шараға жиыны 13 кәсіпкер келіп, қала әкіміне өздерінің сауалдарын, осы уақытқа дейін қиындық тудырып жүрген мәселерін ортаға салды. Кәсіпкерлер тек мәселерін арқалай келмепті. Араларында инновациялық жоба, бизнес жоспарларын ұсынғандар да бар.
Жеңіс Исмағұлов, кәсіпкер:
Балалар сауықтыру орталығы жобасын қала әкіміне таныстырдым. Облыс бойынша баламасы жоқ жоба. Іске асып жатса қаланың қонақжайлығы таныта түсетін орталық болар еді. Қазір балалар телефондарға гаджеттерге тәуелді. Біздің орталық балаларды осындай тәуелділіктерден алшақтауды мақсат етеді. Енді бізге осы орталықтың құрылысын жүргізетін жер теліміне рұқсат керек.
Иә, кәсіпкерлердің көпшілігі құрылыс, жер қатынастары мәселесімен келген. Шара аясында бірқатар сұрақтардың жауабы сол орында табылды. Ал, кейбірі көзбен-көруді, тереңірек талдауды қажет етеді.
Бүгінде орта және шағын кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан бірқатар шаралар қабылдануда. Ал, оның ол тиімді іске асу үшін кәсіпкерлердің мәселесіне жергілікті билік жиі құлақ түріп, мейілінше қол ұшын созу керек екені сөзсіз.
Жанасыл Серікбол