Железин ауданында жағымды жаңалық көп. Аудан орталығындағы спорт мектебіне жаңа шағын автобус берілді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Спорт мектебінің тәрбиелушілері енді жарыстарға су жаңа көлікпен барады. Аудан басшылығының септігінен облыс орталығынан 16 орынға арналған көлік пайдалануға берілді. Жаңа автобуспен жеткіншектер сайысқа барыпта үлгерген.
Жанат Хамитов, Железин ауданы спорт мектебінің бапкері:
Бір ай бұрын бізге келді автобус спринтер міне тұр артымызда. Бұл көлікті біз баяғыдан төсып жүрген көлік. Судай жаңа келді. Алдында бізде кішігірім уазик болды. Темір. Оған балалар сыймайды да. Қиыншылық көрдік. Аз орын болды. Жарысқа міне шығып жатырмыз.
Қазір спорт мектебінде 10 үйірме жұмыс істейді. Күрес, дзюдо, шаңғы тебу, футбол, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, волейбол және баскетбол орталықтарына 687 бала барады. Жаттықтырушылар аудан орталығында салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын жастар саны артқанын айтады.
Жанат Хамитов, Железин ауданы спорт мектебінің бапкері:
Рахметімді айтамын. Осы облыстың бастықтарына өзіміздің әкімшілікке көмек көрсеткені үшін балаларды ойлағаны үшін енді ойлаймын нәтеже көрсетумізі керек. Көлік берілсе жақсы болар еді. Ауданымыздың спортшылары лыжи жағынан дәстүр жақсы көрсетіп жатыр. Олмпиадаға қатысты. .. қазір футбол облыс чемпионы атанды.
Жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылған. Шағын спорт алаңдары ашылуда. Орталықтардың әлеуетін жақсарту жастардың жақсы нәтижеге жетуіне ықпал етпек.
Әйгерім Тоқпанқызы