Бочча – өмірге деген құлшынысты оятатын, соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Ақсу қаласында өткен байрақты бәсекеде жас спортшылар жоғары нәтижеде өнер көрсетті.

Бочча — енді дамып келе жатқан спорт тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған. Ол баланың қабілетін арттырып, өмірге деген құлшынысын арттырады. Ерлік пен жігерді талап ететін жарысқа 40-тан астам жас спортшы қатысты.

Бочча – доппен ойнайтын спорт. Әртүрлі синдромы бар балалардың қимыл-қозғалысын қалыптастырып, құлшынысынтарын арттыруға оң нәтиже берді.

Мирас Бейсембай, қатысушы:

Менің жасым тоғызда. Бочча маған күш-қуат береді, алдағы уақытта осы ойыннан жақсы жетістіктерге жеткім келеді. Бізге осындай спорт түрімен шұғылдануға мүмкіндік берген жандарға алғыс білдіремін

Мұнда қатысушылардың барлығы достық пен сыйластықты ту еткендей керемет ойын өрнегін көрсетті. Ойын нәтижесінде Ақсу қаласының спортшылары кубокка ие болды.

Қымбат Садық