«Әкім сағаты» бағдарламасының кезекті қонағы Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов болды. Аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесі және жоспарлармен бөлісіп, тікелей эфирде көрермен сауалдарына жауап берді.

Еліміздегі шағын қалалар тізіміне енген Ақсу қаласы көпқабатты шағын аудандар мен ғимараттары бар жинақы, таза шаһар. Қала мәртебесі 1961 жылы берілген.Халық саны 72 мыңнан асады.

 «Әкім сағаты» жобасы биыл еркін форматта сұхбат құруды мақсат етті. Бұл жолы тікелей эфирге хабарласып, сұрақ-сауалдарын қойған көрермендер де белсенді болды. Халықтың көкейіндегі басты мәселелердің бірі жол, көше жарығы және сапалы интернет. Осы ретте аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыс легіне тоқталды.

Еңбек ауылында «Ауыл ел бесігі» жобасы іске асуда. Біршама игіліктер атқарылған. .

Ақсу шағынауданының тұрғындары бірнеше жыл бойы «алтыншы ауылда» орталық жылу жүйесіне қосылу мәселесін көтеріп келеді. Бұл мәселе бойынша өлке басшысы бағдарлама барысында жауап берді.

Үштерек ауылында 1600-ден аса халық бар. Мұндағы жұрт мәселесі – жол мәселесі.

 «Әкім сағаты» жобасы уәде айдарымен белгілі. Бағдарлама қонағы спорт кешені мен Камзина 31 мекенжайындағы үйге ойын алаңының салынатындығын айтты.

Қымбат Садық