5 желтоқсан күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік Еріктілер күні атап өтіледі. Осыған орай Павлодардағы «Қызыл жарты ай» қоғамының өкілдері біздің арнамыздың «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында атқырлған жұмыстары жайында баян етті.
Бұл мерекені қоғамға күш пен уақытты аямай, ақысыз көмектесетіндердің бәрі атап өтеді. Еріктілер ұйымы елімізде көбейіп келеді. Осылардың бірі «Қызыл жарты ай» қоғамы. Олар «Ертіс» арнасының таңғы ақпараттық сазды бағдарламасында сұхбат берді.
Ұйымның басты қозғаушы күші, еріктілер. Бүгінгі таңда өз еркімен қол ұшын созғысы келетін жастардың да саны артқан. «Қызыл жарты ай» қоғамында жалпы саны 100-ден аса ерікті бар.
Бүгінгі таңғы бағдарлама еріктілердің қоғамдағы маңызды рөлін, мұқтаж жандарға көмектесудегі жанқиярлық үлесін, түрлі қайырымдылық, әлеуметтік бастамаларды тану мақсатында өткен болатын. Осы және басқа да қызықты кейіпкерлерімізбен сырлы сұхбатты дүйсенбі және жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден бастап «Жаңа күннің» төрінде көре аласыздар.
Байтұрсын Жұмабай