Биылғы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Павлодар облысындағы кедендік төлемдер мен салықтар түсімі шамамен 23 млрд теңгеге жеткен. Ал, өзге де тексерулер нәтижесінде бюджетке қосымша тағы 1 млрд теңгеден астам сома өндіріліпті. Мемлекеттік кірістер депаратменті қазір кедендік бақылау жүйесіне жасанды интеллектіні де қолдана бастаған.

Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік рәсімдерді жетілдіру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқандығын айтады. Соңғы технологияларды қолдана отырып жасалған ақпараттық жүйе өз жемісін беруде. Мәселен, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі рәсімделген, тауарларға арналған декларацияда көрсетілген тауарларға кедендік бақылау, тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған ұсыныстар негізінде жұмыс істейді. Бұл жүйе жасыл дәліздегі тауарлардың лауазамды тұлғасыз өтуіне мүмкіндік беруде.

Руслан Рахымберді, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

АБиылғы жылдың 11 айында кедендік рәсімдер бөлігінде, шамамен 10 000 кедендік декларация жасалды. Оның ішінде импорт бойынша 4700 астам, экспорт бойынша шамамен 5000 декларация ресімделді. Оның 66%-і жасыл дәліз, 32% -і сары дәліз арқылы іске асты. Көк және қызыл дәліздердің үлесі 1 проценттен.

2023 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы 3 млрд АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының негізгі үлесі экспортқа тиесілі. Шамамен 83%. Ал, импорттың үлесі 17% құрайды.

Руслан Рахымберді, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:

Алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі транзиттік әлеуетті арттыру. Қазір Еуроазиялық экономикалық Одақ аясындағы кедендік бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді. Ел аумағынан өтетін транзиттік жүктерді рәсімдеу кезінде тарнзиттік декларация жасалады. Сонымен қатар, тауардың мақсатына байланысты қосымша тексереулер де жасалады. Павлодар облысы бойынша тарнзиттік әлеуетті арттыру, ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Павлодар облысы аумағынан экспортқа шығатын негізгі тауарлар позициясы – металлургия, мұнай-химия және отын-энергетика кешендерінің өнімдері. Кейбір тауар түрлеріне тыйымдар мен шектеулердің енгізілуіне байланысты көмір, бидай, күнбағыс дақылы және өзге де тауар түрлерінің экспорты төмендеген. Ал, тауарлар импортының негізгі үлесі аймағымыздың өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді. Яғни, өндіріс үшін қажетті құрал-жабдықтар шеттен жеткізіледі.

Жанасыл Серікбол