Жерлесіміз Ресейлік аспаздар байқауында бақ сынады. 23 жастағы Айтуар Сағиев «Битва шефов» шоуында өнер көрсетіп, 1000 адам ішінде іріктеуден өтіп, екінші кезеңге өткен. Толығырақ келесі сюжетте.
Айтуар Сағиев 16 жасынан бастап аспаз болып қызмет атқарады. Арнайы білімі болмаса да, талантының арқасында аспаз көмекшісі міндетінен аспаз маманға дейін көтерілген. Сайысқа қатысамын деген ұмтылысына жұмыс орны қолдау білдірді.
Айтуар Сағиев «Битва шефов» сайысы өтетіні туралы ғаламтордан біліп, бірден өтінім жіберген. Бұған дейін Қазақстан атынан сайыста үш қатысушы бақ сынаған. Айтуынша, бірінші кезеңге өтемін деген ой болмаған. Десе де, Мәскеуде өткен сайысқа қатысып, екінші кезеңге дейін жетті. Нәтижесіне көңілі толады.
Ток-шоу эфирге шыққаннан кейін Айтуар Сағиевтың танымалдығы артқан. Түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр. Өзі болашақта бас аспаз болуды армандайды.
Жұлдыз Қабылденова