Павлодарда жол ақысы қымбаттайды. Бұл сұрақ қалалық мәслихат сессиясында қаралды. Тарифтің өзгеруіне не түрткі болды? Толығырақ Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.

Павлодарда қоғамдық көлікте жүру құны қолма-қол ақшамен төлейтіндер үшін 200 теңге ал, картамен төлейтіндерге 100 теңге болады. Зейнеткерлер үшін жол жүру 50 теңгені құрайды. Кезектен тыс сессияда қала депутаттары бірыңғай және сараланған тариф бойынша мәселені қарастырды.

Қобыланбек Қожин, қалалық мәслихат төрағасы:

Бүгінгі 10 шы кезектен тыс сессияда 7 сұрақ қаралып шешімі қабылданды. Оның ішінде біздің тұрғындарды мазалайтын екі сұрақты атап өткім келеді. Ол мына қоғамдық көліктегі тарифтің қымбаттау. Осы күнге дейін көп жұмыстар жасалды. Тұрғын үй комуналды шаруашылығы расчеттарды есептеп бізге ... біз осы сұрақты сессияға щығардық. 80 теңгеден 100 теңге болады. Бұл біздің Павлодар қаласында ғана емес. Осындай көрсеткішін көруге болады.

Жол ақысын көтеру ұсынысы тасымалдаушылар қауымдастығынан түскен. Оған себеп жанар-жағармай қымбаттумен, көлікте техникалық ақаулары тағы бар. Сондықтан, сараланған тариф ұсынылған. Қазіргі 80 теңге мөлшеріндегі баға 2017 – жылдан бері келе жатыр. Бірақ, сараланған тарифтің жеңілдігі бар тұрғындарға қатысы жоқ. Олар әдеттегідей тегін жүре береді.

Қобыланбек Қожин, қалалық мәслихат төрағасы:

Сонымен қатар атап өтетін 16 санатты жеңілдікпен жүретін азаматтар тек Павлодар қаласында ғана Қазақстанның бір қаласында да осындай 16 ... тегін жүретін мүмкіншіліктері жоқ. 4-5 санатты құрайды осы көрсеткіш.

Сондай-ақ, сессия барысында халық қалаулылары 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджетіне өзгерістер енгізді.

Қанат Қапуов, Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

Облыстық бюджеттің нақтылануы және республикалық бюджеттің түзетулері ескеріле отырып, бұрын бөлінген трансферттер бойынша 2 711 507,0 мың теңгені азайтудың жалпы сомасына енгізіледі. Қала бюджеті бойынша өзгерістер бюджеттік бағдарламалары ішінде үнемдеуді қайта бөлу есебінен 1 924 465,0 мың теңге сомасында болды.

Жол ақысын көтеру жобасы депутаттардың барлық қажетті келісуінен өтті. Ресми жариялауға жіберіледі. Жол жүру құны жаңа жылдан көтерілетіні анық.

Әйгерім Тоқпанқызы