Облыс орталығында мүсін өнерін меңгерген маман – Баян Қанышеваның жеке көрмесі өтіп жатыр. Қараша айының соңында ашылған көрмеге келушілер өнер иесінің туындаларын тамашалап, жоғары баға беруде. Толығырақ – тілші материалында.

Баян Қайнышева – мүсінші әрі қолөнерші. Ұстаздық қызметімен бірге көздің жауын алатын мүсін мен ескерткіштер жасайды.

Көрмеде гипс, саз, киізден аралас техникада жасалған туындылар ұсынылған. Басым бөлігінің тақырыбы – қазақ ертегілерінің кейіпкерлері. Сондай-ақ Абай, Мұхтар, Қаныш, Естай, Сұлтанмахмұт т.б. ұлы тұлғалардың бюстін жасаған.

Көрме 30 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Осы уақытқа дейін шебер қолынан шыққан керемет туындыларды тамашалауға болады.

Жұлдыз Қабылденова