Баянауыл ұлттық паркі республикамыздағы 10 танымал тарихи өлкелердің қатарына кіреді. Биыл мұнда материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңартылды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Баянауылдағы мемлекеттік ұлттық парк 1985 жылы құрылған. Осы күнге дейін біздің еліміздің табиғи байлығын сақтап, жаңғыртып келеді. Қазір мұнда жаңа техникалар сатып алынған. Қызметкерлер игілігіне берілді. Атап айтар болсақ, жаз айында 3 өрт сөндіру көлігі, 2 беларус тракторы, 25 өрт сөндіретін 25 химиялық жауынгерлер киімі мен қызметкерлерді тасымалдайтын автобус жеткізілді.
Өткен жылы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға республикалық бюджеттен 211 миллион теңге қаражат бөлінген. Оның аясында, қосымша 30 мотоцикл сатып алынған. Жаңадан алынған техника үш орман алқабына таратылған. Ал 4 инспекторға жаңа көлік берілді.
Баянауыл ұлттық саябағында 160 маман жұмыс істейді. Ондағы 106 адам орманшылар. Мұнда келесі жылы өрт сөндіру көліктері мен отын тіркемелерін жаңарту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде мұндай техникалардың көбі ескірген.
Егер, күтпеген жерден орман өрті бола қалған жағдайда мұндай жаңа техникалардың атқарар қызметінің маңызы зор. Әрі табиғат-ананы аялап, оның қой¬науындағы байлықты көздің қара¬шығындай сақтау басты міндетіміз.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕРМЕК САПАРОВ, МЕДЕТ КӘРІМ, ЕА, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНАН