Баянауылдағы мемлекеттік ұлттық парк 1985 жылы құрылған. Осы күнге дейін біздің еліміздің табиғи байлығын сақтап, жаңғыртып келеді. Саябақ жануарлары дүниесін қорғау шаралары қандай? Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Қойнауы тарих пен шежіреге толы қасиетті мекен Баянауыл өлкесінде мемлекеттік ұлттық парк бар. Ұлттық парктің бай табиғаты жылдың төрт мезгілінде де көркімен көз қуантады. Көптеген тіршілік атаулыға пана болған құтты мекенде сирек кездесетін аң-құстар тіршілік етуде.

Ұлттық парктің фаунасы да алуан түрлі. Мұнда 115 жабайы қабан, 78 бұлан, 29 сілеусін және түлкі, елік, суыр бар. Сондай-ақ, жойылып кету қаупі бар деп Қызыл кітапқа енген арқар саны көбейіп, ұлттық парк аумағын мекен етіп жүр.

Мұндағы сан алуан жануар мен құстар табиғат паркінде емін-еркін сезінеді. Бұл аумақта аң аулауға қатаң тыйым салынған.

Қымбат Садық, Ермек Сапаров