Баянауылдылықтар жаңа жылды тамаша көңіл-күймен қарсы алмақ. Себебң, бірқатар ауылдарда орталықтандырылған су құбыры іске қосылды. Толығырақ, әріптесім Қымбат Садықтың бейнематериалында.
Су – тіршілік нәрі. Алайда көптеген елді-мекен таза ауыз суға әлі де болса қол жеткізе алмай келеді. Десе де, игіліктің ерте кеші жоқ дегендей, биыл Лекер, Майкөбе, Сұлужон, Қызылшілік ауылдарына тіршілік көзі таза су төрлеріне тартылды. Лекер ауылындағы орталықтандырылған су құбырының ашылу салтанатына аудан әкімі Ардақ Кісентаев арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды.
АРДАҚ КІСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы Баянауыл ауданында 8 ауылдық елді-мекенде су құбырының құрылыстары жүргізілді. Олар осы Лекер, Қызылшілік, Майкөбе, Сұлужон ауылдары. Осы ауылдар 2020 жылы су құбырлары басталып, бір себептермен аяқталмай қалған. Биылғы жылы толық облыстық бюджеттен облыс әкімі Асайын Қуандықұлының қолдауымен қаражат бөлініп, бүгінгі күні 4 су құбыры да халық игілігіне берілді. Майкөбе,Сұлужон ауылдарында Совет кезіңнен, елді-мекен құрылғаннан бастап сол жерде ауыз су болмаған. Өйткені ол жерде құдық, ұңғыма, бұлақ жоқ. Халық тұрмыстық жағдайда болсын, ауыз су болсын көлікпен тасып ішуге мәжбүр болды
Мердігер қысқа уақытта нысандарды тапсырған. Ал, су құбырының жұмыстарына облыстық бюджеттен Лекер ауылына – 195 млн теңге, Сұлужон ауылына – 268 млн теңге, Майкөбе ауылына – 112 млн теңге, ал Қызылшілік ауылына 386 млн теңге қаражат бөлінген.
«Таза ауыз су – денсау¬лық¬¬тың кепілі екені белгілі. Үйлеріне сапалы су ауыз су барған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Әрине, су берекенің бастауы. Көптен күткен қуаныш қойнына сыймай, мерейі тасып отырған жандардың бірі Лекер ауылының тұрғыны Марғұлан Мусин. Орталықтандырылған су құбыры іске қосылған соң үйінде ыстық, суық су ағып тұр.
Ауыз судың үйге келгеніне еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін бек риза. Әрине, бұл орайда, халықтың тұрмыс-тіршілігі оңтайланып, ауыл-аймаққа заманның игілігі жетіп жатқаны көңілген қуаныш ұялатады.
Қымбат Садық