2024 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 692 теңгеге дейін өсті. Сәйкесінше, АЕК арқылы есептелетін айыппұлдар да артты.

Мәселе, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, нақты айтатын болсақ жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамаған адамға 3 АЕК – 11 076 теңге айыппұл салынады. Белдік тақпау, көлік басқара келе телефон пайдалану, самокат не мопедте шлемсіз жүру 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұлмен жазаланады. Бағдаршамның қызыл түсіне өткендер 10 АЕК, яғни 36 920 теңге айыппұл арқалайды; тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл 15 АЕК, яғни 55 380 теңгеге дейін жетеді. Жаяу жүргіншілерге жол бермеу және көлікті мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұраққа қою да 10 АЕК – 36 920 теңге айыппұлмен жазаланады. Жаяу жүргіншілер жолымен, тротуар немесе жол жиегімен жүргені үшін 15 АЕК не 55 380 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген тұлғаға 20 АЕК айыппұл салынады, бұл –73 840 теңге. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам рөлге отырса, 50 АЕК – 184 600 теңге айыппұл қарастырылады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.