Ел бойынша 10 мың теңгелік банкнот жаңа дизайнмен айналымға шықты. Ұлттық банк өкілдерінің мәлімдеуінше, қағаз ақша айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған.
Ұлттық валюта, теңгенің 30 жылдығына орай 10 мың теңгелік банкнот жаңа дизайнмен айналымға шықты. Купюраның 19 қорғаныш элементі бар. Көк түске басымдық берілген. Бет жағында ою-өрнектермен безендірілген еліміздің жаңа картасы бар.
ДИХАН ТӨКЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Банкнотаның монетаның дизайны галографиялық негізде орындалды. Яғни теңгенің Т символы бейнеленген сонымен қатар банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың бейнесі ретінде .. лентасы бейнеленген. Сонымен қатар банкнотаның бет жағында ҚР аймақтарымен картасы салынған. Осы карта қазақи ою орнегімен дәстүрлі стильде салынған. Сонымен қатар жаңа облыстары бейнеленген. Олар ерекше боялған./// 00:58
Сондай-ақ жаңа бет купюрасының оң жағында монета түріндегі елтаңбаның жарқыраған бейнесі бар. Ал сыртқы жағында еуразиялық континенттің қартасы бейнеленген.
ДИХАН ТӨКЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Банкнотаның арты жағында еуразиялық континетінің картасы және де 5 мл магнитті және де Т символы ретіндегі Т әріпі спарк элементы бар. Осы банкнота 10 мың теңгелік ҚР өз құнына сай барлық төлемдер бойынша қолдануы тиіс және банктік шотқа салуға сонымен бірге .. ұсақталуға тиіс. Банкнота 19 қорғаныш элементі бар. Су тамғы белгілері магнитті жіптер жасырын бейнелер.. қолдан жасау өте қиын болады.//// 02:11
10 мың теңгелік жаңа банкнота айналымда бар. Ал осы уақытқа дейін шығарылған 1 0 мыңдық ескі купюра жаңасымен бірге айналымда жүре береді.
Әйгерім Тоқпанқызы