Олжабай батыр көшесі 54 бөлшек 1 мекенжайындағы үйдің жылу құбыры әбден ескірген. Жертөлеге су тамшылап, қабырғалар сыз тарта бастаған. Ал, әкімдік бұл мәселені шешу үшін тұрғындар өздері қаражат жинау қажет дейді.
Бұл үй сол және оң бөліктерге бөлінген. Ақау үйдің сол жақ бөлігіндегі құбырдан шыққан. Қазір үйдің жер төлесіне су тамшылап тұр.
НАДЕЖДА БЫКОВА, ОЛЖАБАЙ БАТЫР КӨШЕСІ 54/1 ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Құбырлар ескірген. Шамамен 50 пайызы жарамсыз деуге болады. Сондықтан, жағдай күннен-күнге ушығып барады. Үй апаттық жағдайда тұр деуге болады. Кіребесір, жертөле бәрі сыз.
Бұл үй ортақ мүлікті басқарудың ешқандай формасында жоқ. Бұл түрғыда тұрғындар ортақ шешімге келе алмаған. Сондықтан, үйдің мәселесін шешу жолында тыңғылықты жұмыс атқарылмай отыр.
НАДЕЖДА БЫКОВА, ОЛЖАБАЙ БАТЫР КӨШЕСІ 54/1 ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындардың жартысы келісіп, жартысы келіспеді. Өйткені, бәрібір ештеңе істелмейді деп ойлайды. 2013 жылы модернизациядан өтсе де үйге ешетеңе жасалмаған.
Ал, тұрғын үй инспекциясы ол мамандардың үйде болғандығын және әзірге еш қатер жоқ екендігін айтты. Құбыр жүйесін жөндеу үшін тұрғындардың өзі қаржы жинауы керек дейді.
БЕРІК ТЕМІРҒАЛИНОВ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан жылу, инженерлік желіні жөндеу үшін қаржы жинау жұмыстары жүріп жатыр. 2017 жылдан бері осындай 20 мың ға жуық кездесу өтті. Тұрғын үй қатынтастары туралы заңның 32 бабына сәйкес тұрғындар ортақ мүліктің күтімі үшін басқару формасын таңдауға міндетті.
Әзірге Олжабай батыр 54, бөлшек бір мекенажйының тұрғындары алаңсыз ұйықтай алмайды. Жылу кез-келген сәтте кетіп қалуы мүмкін.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, МЕДЕТ КӘРІМ ЕА