Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония әртістері жанды дауыста италияндық танымал әндерді орындады. Толығырақ, тамаша кештің куәгері болып қайтқан тілшіміз тарқатады.

Иә, классикалық жанрдағы туындылар адамның ойлау қабілетін арттырып, жүйкесін тыныштандыратын дәрумендермен пара-пар. Мұндай италияндық әндер көптеген жылдар бойы түрлі музыкалық бағдарламаларда өзектілігін жоғалтпай келеді. Таяуда өңір жұртшылығы ғажап әндерді тыңдауға мүмкіндік алды. Жоғары дайындықты талап еткен концертке Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымындағы барлық солистері қатысты.

Әлемге әйгілі әрі поп-музыка тарихына мәңгілік енген, сонау 80-жылдары Санремо фестиваліндегі хиттерді филармония әншілері өз шыңына жеткізе шырқады. Сондай-ақ, итальяндық Челентано, Аль Бано, Ромина Пауэр, Газебо, Рики және Повери сынды композиторлардың классикалық шығармалары көптің көңілінен шықты. Әрі хореографиялық ансамбльдер, камералық хор, джаз оркестерінің шоуы кеш көркін одан әрі қыздыра түсті.

Алдағы уақытта филармонияның жұмысы осындай әлемдік классикаға, ұлттық жауһар әуендерін дәріптеуге бағытталатын болады. Мәдениет – ұлттың мәйегі, ал өнер – мәдениеттің алтын қоры. Мемлекетіміздің мәдениеті мықты болса, еліміздің еңсесі де биік, рухы да жоғары болмақ.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА