Міндеттті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы ең қымбат медицналық қызмет түрлерін қалай алуға болады? Алдағы уақытта қандай жаңашылдықтар енгізілмек? Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңына қордың облыстық филиалы басшысының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

МӘМС жүйесінде кең таралған және жиі сұранысқа ие қызметтердің бірі – бұл Компьютерлі және Магнитті резонансты томография. Қызметтердің жүйедегі орташа бағасы – 19 және 25 мың теңге. Облыс деңгейінде МӘМС жүйесінде сақтандырылған халық санаты үшін бағасы 1 млн теңгеден 40 млн теңгеге жететін операциялар бар.

Бұдан бөлек, бағасы 2,9 млн теңге тұратын аорта-коронарлы шунтирлеу операциясы, 1,5 млн теңге тұратын жамбас және тізе буынын ауыстыру операциялары сақтандырылғандар үшін қолжетімді. Жұмыс істейтіндер жұмыс беруші тарапынан сақтандырылатыны түсінікті. ҚОРЫТЫНДЫҒА!!!! Ал, мемлекет сақтандыратын 15 категория бар. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі арқылы бірқатар стомотолоиялық қызметтер де қолжетімді.

Бұл сақтандырылған және мемлекет қамтамасыз еткен категорияларға көрсетілетін қызмет түрлері. Ал, облыста сақтандырылмаған 145 мың адам бар.

Ал, алдағы уақыта, нақты айтсақ 2025 жылдан бастап, МӘМС үшін жарна әр адамның табысына қарай алынуы мүмкін.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, АРМАН ЯКУБОВ ЕА