Қай заманда болмасын, бала тәрбиесі мәселесі назардан тыс қалмаған. Өскелең ұрпақ байлығымыз болса, ал ең асылы оның тәрбиесі екені рас. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде неге мән беру керек? Мамандар жауап берді. Толығырақ тілші тарқатады.

Қай кезде де қоғам бала тәрбиесіне бейжай қарай алмаған. Себебі, бала – ертеңгі ел болашағы. Біздің халық ықылым заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптарды айта отырып, отбасы институтын құрметтеуімен ерекшеленген. Бұл жас ұрпақты ұлттық кодты зерделеп сақтау арқылы, сондай-ақ өткен мен болашақ арасындағы рухани дүниені сақтап нығайта отырып, ел болашағын өз қолына алуға шақырады.

Қазір жаһандану дәуірінде әлемді ақпараттар ағыны жаулап алған. Сәйкесінше, өскелең ұрпақ та кез келген техниканың құлағында ойнап, тіпті, бос уақытының сол әлемжеліде қалай өткенін байқамай қалады. Бұл орайда, ата-ана қандай шара қолдану керек, психолог маман өз кеңесін айтты.

Сондай-ақ, білім ордасы да балаларды тәрбиелейтін басты мекен. Бүгінгі таңда әр мектепте баланың қызығушылықтарын ескере отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мақсатында түрлі шаралар да атқарылып келеді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Сондықтан, егемен еліміздің болашағы тәрбие мен білімге байланысты. Бала тәрбиесінен кеш қалмай, жауапкершілікпен қараған абзал!

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА