Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл. Осыған орай «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Оған өңірдегі барлық мектептің оқушылары қатысып, бақ сынады.

Ауған соғысына арналған ән фестивалі жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл осымен он төртінші мәрте өткізіліп отыр. Байқауда іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылар бақ сынады.

Оқушылар патриоттық тақырыптағы әндерді орындады. Кенжекөл мектебінен келген «Қайсар» әскери патриоттық клубы Ауған соғысына арналған әнді шырқады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Өзгеріс Қуанар