Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында «Екібастұзда қарттар мен мүгедек адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» үшін орталық ұйымдастыру мәселесі қаралды. Осы ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы енгізілді. Алдағы сюжетте толығырақ.

Өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өткен жылы енгізілген Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 51 620 теңге үнемделген.

АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимыл нысандарының бірі ретінде саналады. Әрине, бұл бағыттағы мәселелер кеңінен енгізілмеген, сондықтан олқылықтар бар. Ортақ пікірге келеміз және Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобамыз пайда әкеледі деген сенімдемін. Тиімділікті кеңейтілген масштабта көргіміз келеді

Екібастұз қарттар үйін кеңейту мәселесі де сөзге тиек етілді. Жауаптылар «үлкен аумаққа мұндай қажеттілік жоқ» деп түсіндірді. Өз кезегінде депутат Серік Сәдуақасов қарттар үйінде тек төрт екібастұздық тұратынын, ал қалған азаматтардың келушілер екенін атап өтіп, бұның себебі неде деген сауал қойды. Ведомство басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, мекеме облыстың барлық жалғыз басты зейнеткерлері мен мүгедектеріне қызмет көрсетеді. Бұл тұста азаматтардың қай жерде тіркелгені маңызды емес.

Ақмаржан Қалымбек