СТұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі Павлодар қаласы көшелерінің жол төсемдерінің жай-күніне мониторинг жүргізу барысында, 15 аумақтың аса зақымдалғанын анықтады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу оларды жөндеу жұмыстары басталды.

АРСЕН ЖҰМАБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

МАК-Асфальтты төсемес бұрын, ең алдымен, тереңдігі 5 см-ге дейін шұңқыр қазылады, кейін газ оттығымен кептіріледі. Содан соң мак-асфальт төсіліп, тегістелед, бұл асфальт модификацияланған битумның жоғары құрамымен ерекшеленеді. Бұл оның технологиялық көрсеткіштерін жақсартады. Сондай-ақ -10 градусқа дейін жұмыс істеуге мүмкінлдік береді

Әдетте асфальт жолдарды жөндеу жылы ауа-райында жүргізіледі. Десе де, мамандар Мак-асфальтті -10 градусқа дейін қолдануға болады дейді. Айта кету керек, жөндеу жұмыстарына шамамен 50 млн теңге бөлінді. Ал асфальттар 1 жылға дейін кепілдікке ие.

Жұлдыз Қабылденова