Қалалық мәслихат депутаттары жоғары оқу орнындағы жатақханаға мониторинг жүргізді. Оның барысында студенттермен кездесіп, жатақханадағы бөлмелердің жай-күйімен танысты.

Студенттерді жатақханамен қамту және оларға лайықты жағдай жасау – өзекті мәселе. Сондықтан, Қалалық мәслихат депутаттары «Жастар рухы» жастар қанатымен бірігіп, мониторинг ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – студенттер жатақханасындағы жағдаймен танысып, өрт қауіпсіздігі және санитарлық норма ережелерінің қаншалықты сақталғанын тексеру.

МАДИНА МҰЗАПАРОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Бөлмелерде жастар бөлек тұрады. Тұратын жерлері жылы, әр бөлмеде шағын асүй, жеке жуынатын бөлмелері бар. Кір жуатын бөлек орын бар, ол тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ музыкамен айналысуға арналған бөлме, компьютерлермен жабдықтарған бөлме барын көріп отырмыз жастарға барлық мүмкіндік жасалып отыр екен. Енді олардың басты міндеті – жақсы оу деп ойлаймын

Мониторинг барысында қандай да бір келеңсіздіктер анықталған жоқ. Өз кезегінде студенттер де жатақханаың сапасына риза екендерін жеткізді.

ҰЛЖАН НҰРБОЛАТ, СТУДЕНТ

Старосталармен, воспитатаельдермен тікелей жұмыс жасалып жатады. Жатақханада әртүрі іс-шаралар ұйымдастырылып жатады. Сонымен қатар жатақханадағы туденттердің комфорты үшін барлық жағдай жасалған. Комнаталарда... сонымен қатар коворкнг центр бар, подвалда теннис бар, кинорум бар деген секілді. Жатақханада ерекше жандар үшін комната арналған 1-2 комната жетіп жатыр, бірақ көп болса, одан әрі жақсы болады

қалалық мәслихат депутаттарының айтуынша, мониториг шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүкіл облыс бойынша оқу орындарының жатақханаларының жағдайымен танысу жоспарда бар.

Жұлдыз Қабылденова