Бүгін Достық үйінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған ашы есік күні өтті. Мемлекеттік органдар еріктілер мен қоғам белсенділерінің сұрақтарына жауап беріп, маңызды мәселелерді талқылады. Толығырақ – келесі сюжетте.
27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай облыс орталығында алғаш рет ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға 20-дан астам мемлекеттік орган мен облыс, аудан және қаладағы 40-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Шара мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған. Оның аясында өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдар түрлі мәселені шешуде көмек көрсетті.
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жыл бойы жалғасын табады дейді. Жалпы биыл 4 кездесу өткізу жоспарланып отыр.
Жұлдыз Қабылденова