9 ақпан – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақынның туған күніне орай облыстық кітапханада «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты поэзия кеші өтті.

Қара өлеңнің қарагері атанған Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған шара өз деңгейінде жоғары өтті. Поэзия кешіне мектеп оқушылары, студенттер және №5512 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері де қатысты. Кештің басты ерекшелігі рэп форматында өтті.

Жыр сүйер қауымға көтеріңкі күй сыйлаған жастардан бөлек, ақынның өлеңдерін оқу үшін көрермендерге ашық микрофон форматы ұсынылды. Қатысушылар шығармаларын нақышына келтіре орындады.

Шара барысына байқағанымыз Мұқағали жырларына құмар үлкен-кішінің саны қаулап көбейіп келеді. Әрі ақын шығармашылығымен жете танысып, талпыныс жасалғандары бірден байқалды.

Қымбат Садық