Екібастұзда кәріз құдығына құлап кеткен баланы құтқарып қалған жеткіншектер марапатталды. Ерліктің жанқияр үлгісін көрсеткен оқушылар жайлы алдағы сюжетте.

Өткен аптада Екібастұзда 2-сынып оқушысы жоғалды деген хабар тарады. Мектепке кеткен бала діттеген жеріне жетпей, бірнеше сағат бойы із суытқан. Еріктілер бірден оқушыға іздеу салады. Абырой болғанда бірер сағатттан кейін оқушы аман-есен табылды. Ең қызықтысы – бала жанын аман алып қалған 8 сынып оқушылары болғаны белгілі болды. Оқыс оқиғаға тап болған баланы көрген жеткіншектер дереу құтқаруға кіріскен. Бозбалалардың ерлігі лайықты бағаланып, Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Омар Сағындық, Нұрасыл Жаңажыл, Мансұр Ердаукеұлы. Бұл жас болса да бас болып, жанқияр ерліктің үлгісін көрсете білген жас батырлар. Бозбалалар өз әрекетін ерлікке баламайды. Айтуларынша, өзгеге қол ұшын беру – адамдық парыз.

Шарада бала жүрегіне мейірім ұяталып, ізгілік пен адалдыққа тәрбиелеген аналар да ұлықталды. Мараппаттау шарасы концерттік бағадраламаға ұласты.

Ақмаржан Қалымбек