Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл қасіретке айналды. Енді мемлекеттік орталықтар құмар ойынға салынып кеткендерді анонимді негізде тегін емдейтін болады. Бұл туралы лотерия операторының өкілдері жауап берді.

Құмар ойындардан келетін қауіп үлкен екені талай айтылып жүр. Мұндай ойын түрі заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Халықаралық тәжірибеде жалпы халықтың 2-3 пайызы, яғни 36 мыңдай адам бізде құмар ойынға қатты әуес болса керек.

Сондай-ақ, болашақта құмар ойыннан арылғысы келетіндер мемлекеттік орталықтарда жеке басының дерегін тіркетпей-ақ, тегін емделе алуына мүмкіндік туады.

ӘДІЛЕТ ТҰРҒАНБАЕВ, ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазір құмар ойыннан мемлекет есебінен емделу үшін ресми тіркеліп, есепке тұру міндетті. Көбі содан қашады. Өйткені кейін жұмысқа тұру, әскерге бару қиындайды дегендей. Қазір «кеңес алуға тіркелу» деген тетік енгізбекші. Яғни, адам жеке басының деректерін тіркетпей-ақ, есепке тұрмай-ақ тегін емнің толық көлемін алады. Биыл осы нормативтік актіні қабылдап үлгерсе, келешекте психикалық денсаулық орталықтарында тегін, анонимді емделе алады. Ондай орталықтар бүкіл өңірде бар. Астана мен Алматыда республикалық орталық жұмыс істеп тұр

Бұл ойын кейбіріне бизнес болса, енді біріне қанағатсыздыққа бой беретін іс болуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат мұндай ойындардан аулақ болғаны абзал.

Қымбат Садық