Павлодарда джиу джитсу және комбат джиу джитсудан облыс чемпионаты өтті. Оған 42 салмақ категориясы бойынша шеберлер қатысты. Жеңімпаздар республикалық, халықаралықө бәсекеде бақтарын сынауға мүмкіндік алды.

Джиу джитсу шығыс жекпе-жектерінің ішіндегі ерекше спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт түрі бойынша халықаралық деңгейде түрен салып салып жүрген жерлестеріміз көп. Бүгінгі таңда джу-джитсу жастар арасында кең таралып келеді. Әр сала өкілдері осы спортқа қызығып, күш-жігерін шыңдауда.

Жарысқа ерлер мен әйелдерді қосқанда 42 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жасөспірім ұлдар мен қыздар және ересектер арасында өткен сайысқа 47 жастағы татами шебері қатысты. Өйткені, ардагерлер арасында біздің жерлестер жақсы нәтиже көрсетуде. Осы турнирде іріктелген мықтылар алдағы ірі турнирлерге қатысады.

Сайыс спорттық және жауынгерлік түрлер бойынша өтті. Жалпы бес тұжырым бойынша татами шеберлеі өнерлерін көрсетті. Ал, джиу джитсуды серік еткен жасөспірімдер осы спорттың ерекшелегіне тоқталды.

Спорт-рух азығы. Жан тазалығы. Бастысыұлттың саулығы.

Жанасыл Серікбол