15-ақпан Шәкен Аймановтың туған күні. Биыл қазақ киносының саңлығының өмірге келгеніне 110 жыл. Осыған орай, Ертіс музейінде еске алу кеші өтті. шарада дарынды режиссердің өмірі жайында естеліктер айтылып, көрме ұйымдастырылды.

Шәкен Аймановтың 110 жылдығы облыста кең көлемде тойланып, түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – «Қазақ киносының саңлағы» атты еске алу кеші. Мұнда дара дарын иесі өмірі мен өнері жайында тың деректер мен естеліктер айтылды, сондай-ақ, арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда Шәкен Аймановтың жеке заттары мен спектальдерде киген костюмдары қойылды.

Шарада қазақ сахна және кино өнерінің шыңдалуына айрықша ықпал етіп, өшпес із қалдырғаның дарын иесінің сүйіп орындаған әндері де шырқалды. Олардың қатарында «Екі жирен», «Жиырма бес», «Мама» сынды әндер бар.

Еске алу кешіне Шәкен Аймановтың Павлодарда тұратын немерелес ұрпақтары қатысты.

Қазақ киносының «атасы» Шәкен Айманов түсірген фильмдер – халық қазынасы, тарих шежіресі. Олар көзі қарақты көрермен көкейінде мәңгілік қалары, санадар жаңғырары сөзсіз.

Жұлдыз Қабылденова