Медицинадағы жаңа технологиялар таң қалдыруды тоқтатпайды. Павлодарлықтар катарактаны енді патологиясыз алып тастай алады. Операцияның сыры неде? Тілшіміз анықтап көрді.
Қазір катарактаны еш қиындықсыз емдеуге болады, әрі оның зияны болмайды. Мысалы, бұрын мөлдір емес линзаны қатты линзаға ауыстыру үшін күрделі ота жасалынатын еді.Операциядан кейін науқастар бірнеше уақыт дәрігердің қатаң бақылауында болып, ауруханада ұзақ уақыт жатуға мәжбүр болатын. Ал, бүгінде медицинадағы жаңа технологиялардың дамуы арқасында катаракта отасы сәтті өтсе, пациентті бірден үйіне жібере алады.
БАҚЫТЖАН ҚАПАНОВ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Мен пациенттеріме егер сізде катарактадан басқа ауру болмаса, көздің көруін 100% қалпына келтіріп бере аламын деп үнемі айтамын. Науқастарды операцияға дейінгі кезеңде тексеруде қолымызда диагностикалық және операциялық бөлмедегі құрал-жабдықтардың сапасы жақсы болғандықтан бізде осындай сенімділік басым, сондықтан кепілдік бере аламыз - я думаю,что все пациенты»....Менің ойымша, барлық пациенттер қаржылық шығындарсыз, яғни тегін міндетті медициналық сақтандыру аясында көздің көруін қалпына келтіре алатынына мүмкіндіктері бар деп ойлаймын
Медициналық қызметті емхананың жолдамасы немесе облыстық диагностикалық орталықта орналасқан көз емханасына бару арқылы алуға болады. Клиникада жасалған отаның сәтті өткендігіне емделушілер де дән риза.
СЕРАФИМА ОСИПОВА, ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАНЫҢ ПАЦИЕНТІ
Новосибирскідегі көз микрохирургиясына барғанымда, маған түрлі емдік шаралар тағайындады. Мен оларды қай жерден қабылдай аламын деп сұрағанымда Павлодарды айтты. Онда білікті Бақытжан Қапанов деген дәрігер емдейді деді - 22 маусымда катарактаға ота жасалды. Оған дейін дұрыс көре алмайтынмын. Енді міне ақырындап көру қабілеті қалыпқа келіп жатыр»
АХАТ ҒАЙНАНОВ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАНЫҢ ПАЦИЕНТІ
Менің ұлым Мәскеуде тұрғанда сол қалаға шақырды, жақсы дәрігерге апарамын деп. Кейін ондағы мамандар әзірге дәрілер жоқ деп қабылдамады - «Менің таныстарым, достарым осы клиниканы, дәлірек айтсам дәрігерді ұсынды» - «Ота жасап, катарактаны жойды, қазір көзім өте жақсы көреді. Осындай білікті дәрігерге келгеніме өте қуаныштымын»
Мұндағы емделушілер жаңа медициналық технологиялардың қарқын алып келе жатқандығына қуанышты. Сондай-ақ, офтальмологиялық көз клиникасының дәрігерлеріне алғыс білдіріп, емделуді жалғастыра беруді жоспарлап отыр.
Қымбат Садық, Анастасия Ерш