Шапық Шокин атындағы мектеп гимназияның бір топ дарынды балалары ымдау тіліне кірістірілген жүйесі бар бірегей робот-экскурсовод ойлап тапты. Жобаның артықшылығы мен қыр-сырын тіңлшіміз біліп қайтты.

Жас инноваторлар өз жобаларын облыстық мұражайға ұсынып отыр. Олар есту қабілеті бұзылған адамдарға экскурсияны қолжетімді ететін робот жасап, технология мен әлеуметтік жауапкершілікті біріктіруді ұйғарған. Бұл идея, әрине, кездейсоқ келген жоқ.

АРИНА ОСТРЕЙКО, Ш. ШӨКИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Бұл идея бәріміз бірге музейге келген күні пайда болды. Қасымыздағы нашар еститін балалар экскурсия кезінде топтан бөлініп қалды. Оларға сурдоаудармашы басқа күні келетіндігін айтты. Олар осылайша өз орталарынан шеттеп қалды. Бұл мәселе өз шешімін табу керек деп ойлаймыз.

Алдымен мұражайдың үлгісі жасалды. Оған сурдоаударма таратылатын планшетпен робот гидті синхрондау арқылы барлық адамдар, соның ішінде есту қабілетінің бұзылуына байланысты қиындықтарға тап болғандар да экскурсиялардан толық ақпарат алатындай мүмкіндік жасалмақ. Жобаны іске асыру үшін балалардың өздері де ымдау тілін үйренген.

АРИНА ОСТРЕЙКО, Ш. ШӨКИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Біз ымдау тілін өзіміз үйрендік. Себебі интернетте ымдау тілінде экспонаттар туралы ақпарат жоқ. Толық үйренбесек те негізін игердік.... но начало уже положено.

Бұл экскурсия кезінде ақпарат алуда қиындықтарға тап болған жандарға жаңа мүмкіндік аша отырып, инклюзивті орта үшін технологияны қалай пайдалануға болатынының шын мәнінде әсерлі мысалы. Ал жас инноваторлар Астанада өтетін бірінші Орталық Азия чемпионатында өз өнерлерін көрсету үшін елордаға аттанып кетті.

Жанасыл Серікбол