Шідерті кентіндегі №11 балабақшаға Казминиралс Бозшакөл компаниясы демеушілік танытып, толық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жаңартуға 295 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды.Толығырақ келесі сюжетте.
1966 жылы салынған балабақшаның іші ұзақ жылдар бойы ескі және салқын болды. 2023 жылы Казминиралс Бозшакөл жаңа қазандық орнатқан. Ал биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп ,толықтай 9 айдың ішінде аяқталды.
Назерке Кенжина, №11 балабақшаның басшысы
Балабақшаның едендері, терезелері, жылу жүйесі, кәріз жүйесі барлығы ауысты, және 6 торқа арналған лйын алаңы, спорт алаңы салынды. Ата-аналар өте риза.Тәрбиешілер де өте жақсы көңіл-күймен жұмыс атқарады. Қазіргі таңда 110 бала, 6 топ бар. 3 қазақ және 3 орыс тобы бар.
Балабақшада заманауи жабдықталған асхана, медбике кабинеті, кір жуу бөлмесі және психолог кабинеті бар. Балалардың бөлмелерінде барлық жиһаз жаңадан әкелінген. Ата-аналар балалардың ой-өрісін дамыту үшін арнайы ойын бұрышын өз қолдарымен жасап берген.
Назерке Кенжина, №11 балабақшаның басшысы
Енді осындай балабақша сыйлаған Қазминиралс Бозшакөл ұйысына алғысымыз шексіз.Және оның ішінде атап өтсек Кудебиева Рыскен Шодановаға үокен алғысымызды білдіреміз. Сол кісінің арқасында балабақшамыз жылы әрі жарық. Және білім бөлімінің басшысы Дюсюпова Лаура Амановаға да алғысымызды білдіреміз.
Балаларға заманауи, қауіпсіз әрі қызықты орта жасалғандықтан, олардың ой-өрісі кеңіп, жаңа дағдылар мен қабілеттерді меңгеруіне барынша мүмкіндік туады. Алдағы уақытта балабақша тек білім беретін мекеме ғана емес, сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуы үшін нағыз шығармашылық орталыққа айналмақ.
Дильназ Қуанышбекқызы