Биыл Павлодар облысында 31,2 мың гектар алқапқа картоп егілген. Қазіргі уақытта 97 пайызы жиналыпты. Ал, қалған үш пайызы мезгілісіз жауған қардың себебінен жиналмай қалған.
Картоп алқабы былтырғымен салыстырғанда биыл 5 пайызға көп. Онссызда көкеніске бай өңір, картоп өсіруге ыңғайлы алқап биыл да жомарттығын танытқан. Алайда, қазан айының басында мезгілсіз қар жауып, мың гектарға жуық алқаптың картобы уақытылы жиналмай қалған. Шамамен 15 шаруашылық шығынға ұшырауы мүмкін.
Лаура Құсайынова, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы
Қазан айының 22 сі күні ауыл шаруашылығы басқармасы әр түрлі қаржы институттарымен бірлесіп жиын өткізді. Онда қала және аудан әкімдеріне картоп шығынын тіркеу үшін жұмыс тобын құру керектігі айтылды. Шаруалардың шығынын толтыру мәселесі де айтылды. Мәселе қазір облыс әкімдігінің қарауында.