Өңірде жылыту маусымы басталғалы тұрғын үйлерде 14 өрт жағдайы тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрттің шығуын алдын алу үшін 22 қазан мен қарашаның 23-і күндері аралығында өрт қауіпсіздігі айлығын жарияланды. Оның барысында қандай шаралар қолға алынбақ? Тілші әңгімесінде.

Ел аумағында өтіп жатқан айлық шеңберінде өрт сөндірушілер жер үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ көпбалалы, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға барып, улы газды ерте анықтайтын құрылғыларды тегін орнатады. Айта кетейік, жылу маусымы басталған бірнеше айдың ішінде 14 өрт жағдайы тіркелді.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

Облысымыздың аумағында 14 өрт тіркелді. Өкінішке орай өрттердің салдарынан 3 адам қайтыс болды. Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, 2 есе өрттің өсуі байқалады. Екі есе 2 байқалады. Айта кететін болсақ қазіргі таңда 22 қазаны аралығымен 23 қараша арылығында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланған. Облыс аумағында сол себепті тж қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар жүргізіледі. Осы рейдтік шаралар барысында тұрғын үйлерде тек қана профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Пеш маңайында аяқ киіммен отынның кептірілуі, қақпақтың сынық болуы қызыл жалынның шығуына себеп болады. Сондай-ақ мұржалардың тазалабауынан улы газ таралады.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережерін сқатау болып табылады. Сол себептен тұрғындарымызға жылыту маусымы басталып кетті. Осы жылыту пештерін ақаулықтары болса жою. Тағы басқа жанғыш заттарды пештердің алдында кептірмеуге пештің темір табақшасы болу керек. Жарықтары болса пештің оны уақытында сырлап, мұржаларды уақытында тазалау керек. Мұржаларды жылыту маусымы басталмай тұрып 3 айда бір рет тазалау керек. Ең қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз.

Қарапайым сақтық ережелерін сақтамаған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өрт тілсіз жау. Айтып келмейді. Төтеншеліктер азаматтарға абай болуға шақырады.

Әйгерім Тоқпанқызы