Әскери даңқ музейінде генерал-майор Жүкен Марденовты еске алу мақсатында «Ер есімі – ел есінде» атты кеш өтті. Шараға ұлттық қауіпсіздік мекемесінің ардагерлері мен ізбасарлары қатысты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Еске алу кеші азаматтық парызын абыроймен атқарған, халқына адал қызмет еткен Жүкен Марденовтың ерлікке тән ғұмырын баяндау мақсатында өтті. Оған ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Ардагерлер әскери қайраткердің өмірі мен еңбек жолына тоқталып, кішіпейілдік қасиеті ерекше адам еді деп еске алды.
Сонымен қатар, Жүкен Баймұхамбетұлына арнап ашылған стендаттарда оның ордендары, кітаптар, өзі туралы жазылған мақалалар да қойылған. Өз кезегінде сөз алған ардагерлер оның жарқы бейнесін еске алып, қызықты оқиғаларымен де бөлісті.
Еске алу кеші соңында Жүкен Марденов туралы фильм көрсетілді. Әскери қайраткердің баға жетпес еңбегі, ар-намыс пен адамгершілік үлгісі халық жадында мәңгі сақталады.
Қымбат Садық