Өңірде су тасқыны қаупі бар. Дегенмен өткен жылғы жаздан бері бұл бағытта ауқымды шаралар жүргізілген. Жалпы қай ауданға көктемгі су тасқыны төніп тұр? Өңір табиғаттың бұндай тосый сыйына дайын ба? Алдағы сюжеттен көріңіздер.

Еліміздің басым бөлігінде көктемгі су тасқыны қаупі жоғары. Осы ретте өңірде зардап шеккен азаматтарды орналастыру үшін 43 пункт ашылған. Су тасқыны орын алған жағдайда 1700 астам маман сақадай сай. Бұдан бөлек 616 бірлік техника мен 42 мотопомпа жұмылдырылмақ. Бүгінде өңірден 600 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған. Бұл жұмыстар облыс аудандарында әлі деп жалғаспақ.

ШАКИР АХМЕТОВ, ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Облысты су тасқыны кезеңіне дайындау алдын ала басталды. Мамыр айында облыс әкімі 4 кезеңнен тұратын кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда алдын-ала жүргізілген инженерлік жұмыстар да бар. Үйінділерді, қорғаныс құрылыстары бөгеттерін нығайттық. Күзгі және қысқы кезеңде жанар-жағармай материалдары инертті материалдар және қапшықтар дайындалды. Мұның бәрі су тасқыны қаупі бар учаскелерге, елді мекендер мен жолдарға жеткізілді

Сондай-ақ Шолақсор ауылы шекарасындағы Сілеті өзенінің бір ойпатын тазарту бойынша ауқымды жұмыс жасалған. Бұл жыл сайын су тасқыны қаупі төнетін елдімекеннің бірі. Бұдан бөлек көктемгі су тасқыны қаупі бар тағы бір аудан – Баянауыл ауданы, дейді мамандар.

ШАКИР АХМЕТОВ, ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Су тасқыны қаупі төніп тұрған елдімекеннің бірі - Баянауыл ауданы. Онда 17 елді мекен бар. Бұл қауіп Ащысу өзенімен байланысты. Нақты айтқанда Қарағанды облысымен шекара аумағында орналасқан Ақжар - Қаратоқа су бөгеттерінде көктемде су толған кезде оның барлығы өңірдегі Баянауыл ауданына қарай ағады

Ақпанның 9-10-ы күндері ауа температурасы күндіз +5 дейін жетті. Салдарынан қар еріп республикалық маңызы бар жолдардың бойында жинақталды. Су басу қаупін алдын алу үшін жол қызметтері су өткізгіш құбырларды ашып, уақтылы жолдың шайылып кету қаупін жойған. Бедерлі ойпатта орналасқан 43 елді мекен бақылауға алынды. «Қававтожол» мамандар су басу қаупі бар жолдарды атады.

АЛЕКСЕЙ ЛОГВИНЕНКО, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

231 шақырымды құрайтын Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автомобиль жолдарына су басу қаупі бар еді. Онда екі құбыр бар. Атап айтқанда диаметрі 1,5 метр болатын бір дөңгелек темірбетон құбыры орналасқан. Бірақ жер төсемінің үйіндісі төмен. Сондықтан су мөлшері көп болған жағдайда автокөлік жолын басуы бек мүмкін. Сондықтан арнайы интертті материалдар дайындалды. Атап айтқанда қоқыс тас, тау массасы, қиыршық тас және мешкатара. Қауіп төнген жағдайда бұл материалдар су басудың алдын алу үшін қолданылмақ. Сондай-ақ, алдыңғы жылдары осы жолдың 100-105 шақырымын су шайып кетіп отырды. Қазір жол картасы аясында екі көпір салынды. Бір көпір екі аралықты, екіншісі үш аралықты көпір

Ал казгирдромет мамандарының айтуынша, наурыз айында ауа температурасы тұрақты болады. Алайда қар аралас жаңбыр мен ақ ұлпа мөлшірінен көп жауады. Синоптикердің мәліметінше, биыл қардағы су нормасы өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артқан.

Ақмаржан Қалымбек