Өңірде интернет-алаяқтық тыйылмай тұр. Таяуда ғана полиция қызметкерлері облыстың 20-дан астам тұрғынын сан соқтырып кеткен күдіктілерді қолға түсірген. Мән-жайы алдағы сюжетте.
Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша үш күдіктіні анықтады. Белгілі болғандай 25 жастағы павлодарлық бойжеткен азаматтарға зейнетақы жинақтарын шығаруды ұсынған. Бірақ олардың дербес деректеріне қол жеткізгеннен кейін олардың атына тауарлық кредит ресімдепті. Ал ондағы қаражатты қолды еткен ол ақшаны жеке мақсатында жұмсаған.
Бұдан бөлек әлеуметтік желі арқылы жүргізуші куәлігін, медициналық анықтамаларды және әскери билеттерді жасау туралы хабарландыру жасаған.
Полицияға алаяқтың қармағына ілініп, сан соғып қалған 20-дан астам павлодарлық жүгінген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері алаяқтықтың басқа да фактілерін анықтады. Тәртіп сақшылары тұрғындардан осыған ұқсас алаяқтық схемаларына тап болған жағдайда 102 пультіне хабарласуды сұрайды.
Ақмаржан Қалымбек