Облыс орталығындағы Украиская көшесі 97-үйдің тұрғындары өз үйлеріне орнатылған жылу есептегіш құралдың мән-жайын әлі біле алмай жүр. Айтуларынша, еш ескертусіз орнатылған құралдың бағасы қанша екендігін де білмепті. Дау тіпті сотқа дейін жеткен.

Украиснкая көшесі 97 үйге 7 жыл бұрын жаңа жылу есептегіш құралы орнатылған. Алайда, дәл осы құрылғының айналасындағы дау әл жалғасуда.

Яғни, тұрғындар есептегіш құралды орнатарда бізбен ешкім ақылдаспады дейді. Ал, жылу беруші мекеме бұны былай түсіндіреді.

Бұл заңда «Қосымша тұтынушының келісімімен энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тікелей шарт жасасу » туралы да тармақ бар. Ал, жылуесептегіштің құнын да тұрғындардың өздері өтеуде.

Тұрғындардың құрылғыны иемденуді келмеуінің тағы бір себебі – оның қызмет ету мерзімі өтіп кеткен. Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін сот шешеді.

Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш